«Көлік сатамын» деп, алданып қалды

105
Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында, өзі сатылымға қойған «Toyota Camry» маркалы автокөлігін бөгде екі ер адам алдымен айдап көріп, сосын сатып алатынын айтып, сеніміне кіру арқылы алып кетіп, автокөлікті жымқырғанын жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі –14 000 000 (он төрт миллион) теңге.
Аталған жайт ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке бастарын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, 33, 26 және 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғындары анықталып, жеткізілді. Ешқайсысы бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі кезде ұсталған азаматтар кінәларын толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барғандарын және бұл үшін өкінетіндерін жеткізді.
Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Осы ретте, полиция қызметкерлері азаматтарғажеке мүліктеріне мұқият болып, сақтық шараларын қатаңдатуды ескертеді.