Қаржы министрлігі ескертеді: Банкроттыққа өтініш беру тегін

38
фото Ернұр

Банктерге берешегін өтей алмай жүрген 2600-ден астам адамның банкроттыққа берген өтініші мақұлданды. Алайда бұл олардың барлығының қарызы кешіріледі деген сөз емес.

«Банкрот» деген статус алты айдан кейін, яғни толық қаржылық тексеруден өткен соң ғана беріледі. Ал бүгінде тиісті өтінішті тапсыруға көмектесемін деп адамдарды алдап ақша алатын алаяқтар көбейген. Қаржы министрлігі әлеуметтік желіні жаулаған мұндай пысықайлардан сақ болуға шақырады.

Құжат толтыру тәртібін білмегендер Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, сондағы мамандардың көмегімен тегін-ақ өтініш бере алады. Үйден шықпай егов порталы немесе Е-салық қосымшасы арқылы арыз тастау мүмкіндігі де бар. Ол үшін борышкердің банк алдындағы қарызы 5 млн. теңгеден аспауы тиіс.