Шымкентте ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

97

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Жиында кеңестің ережесі мен құрамы бекітіліп, мекемелер мен кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігінің сақталуы және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың орындалуы талқыланды. Күн тәртібіндегі тақырыптар аясында баяндамалар жасалып, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берілді.

Айта кетейік, кеңес құрамында жасы 60-тан асқан ақсақалдар мен этнос өкілдері және қоғам белсенділері бар.