Шымкенттік ХҚКО-ларында «Шын жүректен»акциясы өткізілді

46

 

Шымкентте ХҚКО-ға келушілерге тәттілер мен кәдесыйлар таратылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы «Шын  жүректен» акциясының бастамашысы болды.

Іс-шара ел тұрғындарының достығы мен бірлігін қолдау, сондай-ақ клиенттердің көңіл-күйін көтеру мақсатында Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми өкілі Алтынай Татаева.

«Бүгін мен мемлекеттік қызметті алуға келдім, сонымен бірге  әсерлі  көңіл-күй кештім. Маған шоколад пен қазақи добрымра сыйлады. Бұл мейіпімділіктін нышаны. Қызметкерлер клиенттерді күлімсіреп қарсы алып және мерекемен құттықтады. Өз кезегінде мен барлық қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтап, бейбіт аспан, жақсылық пен өзара түсіністік тілеймін», — деп атап өтті Татьяна Корчагина.

«Қазақстан халқының бірлігі күні — ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі. Біздің филиалда да көптеген ұлт өкілдері жұмыс істейтінін атап өткін келед. Бұл қазақтар, орыстар, немістер, әзірбайжандар, түріктер, корейлер, шешендер, татарлар және өзбектер. Біздің қызметкерлер ұйымшыл, өз ісіне адал және әр клиентке мәселелерді шешуге көмектесуге әрқашан дайын», — деді Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»  филиалының директоры Дәрімбет Баймбетов.