Жатақханада тұратын студенттерге 100 мың теңге беріледі

109

Үкімет 4,5 мыңға жуық студент үшін жатақхана ақысын субсидиялауды көздеп отыр. Бұлай болғанда, бір студентке шамамен 29 АЕК, яғни 100 мың теңге төленуі мүмкін.

Жауаптылардың сөзінше, бұл қаржы бірінші кезеңде мемлекеттік әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттерге, сондай-ақ жекелеген студенттерге олардың әлеуметтік дәрежесіне қарай беріледі.

Айта кетейік, бүгінде қазақстандық жоғары оқу орындарында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 168 150 студент оқиды. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер – 2 769, мүгедектігі бар адамдар – 1 667.