БЖЗҚ-ның қаржысы 1 триллион теңгеге артты

41
фото Бақ.кз

 Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы өскенін мәлімдеді. Бүгін үкіметте төрт айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің орындалу шаралары қаралды. Ұлттық банктің мәліметі бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысы 1 триллион теңгеге артты.

«Сәуірдің соңында БЖЗҚ-ның активтері 15,7 триллион теңгені құрады. Осылайша, жыл басынан бері қор қаржысы 1 триллион теңгеге, яғни, 7,2 процентке артты», — деді банк төрағасының орынбасары Тутушкин.
Оның айтуынша, инвестициялық табыс та өсті. Жыл басынан жиналған қаржының үстінен 482 миллиарда теңге түсті. Жалпы, БЖЗҚ-ға 664 миллиард теңгенің зейнетақы аударымдары түсті. Қордан 82 миллиардов теңгеге зейнетақы төлемдері жасалды. Бұдан бөлек, мерзімінен бұрын алынған қаржының көлемі 47 миллиард теңгені құрады.