«Дипломмен ауылға» барғандарға 345 мың теңге беріледі

175

Ауылға жұмысқа барған дәрігерлер мен мұғалімдерге 345 мың теңге жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ, оларға берілетін кредит мөлшері де айқындалды.

Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін баратын түрлі сала өкілдеріне берілетін жәрдемақы мен несие мөлшерін белгіледі. Бұйрық жобасы қоғам талқысына ұсынылды. Құжатқа сай, көтерме жәрдемақы 100 АЕК, яғни 345 мың теңге болды. Ал тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК бюджеттік кредит беріледі.

Айта кетейік, мұндай мемлекеттік қолдауға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері ие бола алады.