Шымкент қаласында 42 мектеп асханаларын жалға алушылардың құқықтары қорғалды
Білім басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында мектеп асханаларын жалға алушыларға mektepmenu-де мәзір туралы ақпаратты жариялау үшін қызметтерге ақы төлеу бойынша артық талаптар анықталды.
Нормативтік талаптарға сәйкес, мектеп мәзірін орналастыру білім беру мекемелеріне жүктелгендіктен, қалалық Антикор аталған тәжірибені тоқтату туралы ұсыныстар енгізді.
Антикор мен әкімдіктің бірлескен жұмысының қорытындысы бойынша mektepmenu.kz қосымшасын пайдаланғаны үшін 42 мектеп асханаларын жалға алушылардан ақы алу тоқтатылды.