Бүгін 9 мамыр-Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Еңбекші ауданында екі заманауи кешенді балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Салтанатты шараға аудан әкімдігі өкілдері, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, балаларға сый-сияпат тарту етті.
Биыл ауданда 35 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылуда, одан бөлек жеке секторда 4 мекенжайда заманауи балалар ойын алаңшасы, көше тренажерлары және воркаут алаңдары құрылуда.