Шымкентте балалар алаңшалары жаңартылуда

446
Шымкентте балалар алаңшалары жаңартылуда

Шымкентте үй аулаларына балалардың ойын құралдарын орнату жұмыстары басталды. Биыл Еңбекші ауданы бойынша 22 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасау қолға алынған.

Шымкентте балалар алаңшалары жаңартылуда

Биыл абаттандырылған аулаларға 15 түрлі ойын элементтері орнатылған. Темір құрылғыны мердігерлер жобаға сай жасаған. Арасында, тіпті, Астанаға тапсырыс беріп алғызған сырғанақтар мен әткеншектер де бар. Әрине, осы уақытқа дейін аулалары абаттандырылмаған жерлестеріміздің қуаныштарында шек жоқ. Әсіресе, бүлдіршіндерге жақсы болғаны сөзсіз.

Шымкентте балалар алаңшалары жаңартылуда

Цементшілер поселкесіндегі осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген үш үйдің ауласы қазір абаттандырылып жатыр. Биыл Еңбекші ауданы бойынша жөндеу жоспарында 22 көп қабатты үй ауласы бар. Құрылысқа бөлінген 235 млн теңгені мердігерлер қараша айының соңына дейін игеруі тиіс.

Шымкентте балалар алаңшалары жаңартылуда

Аудан басшылары, бұдан бөлек, 2012 жылы абаттандырылған аулаларға да ойын элементтерін орнатпақ. Ол үшін бюджеттен 57 млн теңге қаралалыпты. Бұл жұмыс желтоқсанда аяқталады. Нәтижесінде ауданда бар 630 көп қабатты үйдің 461-і заман талабына сай, тұрғындарға ыңғайлы болмақ.

Нұрлан Жаңабай