Мысықтың 1 жасқа толған туған күнін атап өткендер желіде қызу талқылануда

1379

Мысықтың 1 жасқа толған туған күнін ерекше атап өткен отбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Мерекелік отырыстың видеосын ТікТок қолданушысы жариялады.

«Мысықтың туған күнін жасап, достарын шақырған» деп жазды автор.

Бейнежазба Джэссика есімді мысықтың 1 жасқа толған туған күнінде түсірілген. Отбасы мүшелері бұл күнге ерекше дйындалғаны көрініп тұр. Барлығы мерекелік қалпақ киіп, дастархан жайылған бөлмеге келген мысықты  «Туған күніңменен» (Happy Birthday to you) әнін шырқап қарсы алады. Тіпті туған күнге келгендердің бірі скрипкада ойнайды.

Отбасы мүшелері мерекелік торттың орнына  мысықтарға арналған тағамдар алыпты.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары мысықтың туған күнін атап өткен отбасыны қызу талқылап жатыр. Бірі сынның астына алса, енді бірі мысыққа ұзақ ғұмыр тіледі.

«Өмірің ұзақ болып, әрқашан тойып жүр. Джэссика, туған күніңмен», «Күлейін бе, жылайын ба? Өмір не боп барады?», «Мысықтың өмірі менікінен жақсы ма дедім ғой», «Көз тимесін…», «Менің туған күнім бұлай өтпеген. Сонда мысық құрлы болмадым ба?»,   «Шығармайтындары жоқ», «Қыздарының қалауын орындап берген ата-анасы  жарайсыздар», «Еріккендер», «Джэссикада арман жоқ» деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, видео қашан және еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Бір күн бұрын желіде жарияланған бейнежазбаны 900 мыңға жуық қолданушы қарап үлгерген.