Түркістан облысына Өзбекстан Республикасының «Хунарманд» қолөнершілер және кескіндемешілер қауымдастығының өкілі Улугбек Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен келді.
Шетелдік ассосация өкілі «Turkistan Qol Oner Одағы» қолөнершілерінің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ қос ел бірлестіктері ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Меморандумның мақсаты – қолөнер бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнын жетілдіру, қолөнерлік қызметті үйлестіру және ынтымақтастық үшін шетел кәсіпорындарымен халықаралық байланыс орнату.
Сонымен қатар, қолөнер шеберлерін жан-жақты дамытып оларға бірлесе қолдау көрсетуді көздейді.