Пойыз вагонында жасырынған шекара бұзушы ұсталды

127

2023 жылғы 17 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды РФ-на заңсыз өтпекші болған шетел азаматын ұстады.

Шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында жүк пойызының вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекара бұзушы анықталды.

Ұсталған адам ҚР ӘҚБ Кодексінің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.