Шымкентте вагон үстіне шыққан 15 жасар баланы ток соқты

19
фото Массагет.кз

 

Шымкент қалалық ТЖД Дағдарыс жағдайларда басқару басқармасына 8 қазанда сағат 21.25-те «103» қызметінен хабарлама келіп түсті.

Хабарламада Тұран ауданы, Түргенев көшесінде «Қорғасын» теміржол станциясы бойында 2008 ж.т. жасөспірім вагон үстіне шығып, абайсызда электрлік күйік жарақатын алған. Жарақат салдарынан 2 дәрежелі дененің күйігімен ауруханаға  жатқызылған, жағдайы орташа-ауыр.