Құзырлы органдар қылмысты тоқтатудың тың тәсілдеріне жүгінеді

31

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ҚР ІІМ М.Ахметжановтың тапсырмасына сәйкес «қоғаммен серістестікте қоғамдық қатынастарды қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында жиын өтті.

Мәжілісті Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бәйсен Тәжібаев, барлық аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, ведомствоаралық топ мүшелері, жергілікті полиция бөлімдері мен басқарма бастықтарының бірінші орынбасарлары, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
— Бұл құжат қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полициямен қатар басқа да мемлекеттік органдардың өзара бірлесіп, жұмыс атқаруының бастауы. Яғни тұжырымдамаға сәйкес барлық мүдделі тараптармен әріптестік орнатып, қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша ашық, жүйелі жұмыс жасау жоспарлануда, – деді Мұрат Талапұлы.
Іс-шара кезінде әзірленіп жатқан аталған тұжырымдаманың негізгі тәсілдері мен бастамалары туралы түсіндірмелер берілді. Бұл бойынша Түркістан облысы ПД Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Сейітхан баяндады.
Сонымен қатар Түркістан облысы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервиятік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың атқарған жұмысы бойынша полиция подполковнигі Б.Ахметов мәлімдеді. Ал облыс орталығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сервистік моделін іске асыру туралы полиция полковнигі Б.Жанаев жеткізді.
Жалпы елімізде ішкі істер органы ең ірі, көпфункционалды әрі асқан жауапкершілікті талап ететін сала. Осы ретте қылмыссыз қоғам құру тек полицияға байланысты емес. Себебі қоғамда орын алып жатқан қылмыстарға түрлі факторлар әсер етеді. Талдау көрсеткендей, қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыз, үштен бірі–бұрын сотталған, адамға қарсы қылмыстардың 50%-ы мас күйінде жасалады екен.
Түркістан облысы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомстваралық топ құрылған болатын. Жарғы мен жұмыс жоспары бекітілген. Жобалық топтың зерттеу істері заманауи шетелдік аналитикалық құрал «САРА» моделінің көмегімен 4 кезең бойынша өңірдің 17 аудан және қаласында жүзеге асырылуда.
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев бұл жобаны масштабтау кейбір аумақтарда өз деңгейінде орындалмау себептері анықталып отырғанын айтып, жетекші аудан, қаланың жұмыс механизмін қолдануды ұсынды.
— Қазіргі таңда полицияның негізгі позициясын – қоғамның қорғанысына, «Халықтық полицияға» айналдыру миссиясы қойылып отыр. Ол мақсатқа жетуге тұтас өңір бір ағза іспетті әрекет етуі тиіс. Ведомстваралық топқа жауапты сала өкілдерінен бөлек, жергілікті жерде беделі бар және қоғамдық істерге белсене араласатын азаматтарды да қосу керек. Елдің жайын білетін және ынталы топ мүшелерімен бірлескен шаралар көп жағдайда түрлі заңбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Әсіресе аға буын өкілдерінің қызметтік және өмірлік тәжірибесі, жүріп өткен жолы жоспардағы жобамызға сәйкес келеді. Бала құқығын қорғауды басты назарда ұстауға міндеттіміз.
Құқық қорғау саласына көптеген реформалар жасалып келеді. Реформа – саланың жаңа бетбұрыстары мен қозғалыстарына себеп болып, межеге жетуге мүмкіндік береді. Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына сәйкес, аталған жобаға талдау жүргізіліп, жүйелі іске асыру тапсырылды, – деген Бейсен Дәулетұлы қылмысқа ықпал ететін себептер, факторлар мен жағдайларды болдырмау үшін сала қызметкерлерін жауапкершілікті сезнуге шақырды.
Жиын соңында қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті жұмыла әрекет ету арқылы қызмет атқаруға уағдаласып, тарқасты.