Шымкентте қатты желдің салдары жойылуда

79

Қазгидрометтің хабарлауынша, Шымкент қаласының аумағында 3-5 мамыр аралығында желдің жылдамдығын күшейюі туралы дауылды ескерту жарияланды. ТЖ департаментінің құтқарушылары қала тұрғындарының өтініші бойынша шығулар жасады.

Атап айтқанда, 03 мамырда сағат 13-55 Тұран ауданында қатты желдің (екпіні 12 м/с дейін) салдарынан Темірлан тас жолында 9 қабатты тұрғын үйдің қасбеттік бөлігінің қаптамасының шамамен 6 шаршы метр аумақта жартылай бұзылуы орын алды. Адамдарға конструкциялардың құлау қаупі болды. ТЖД қызметкерлері қаптаманың бөлігін бекіту бойынша жұмыстар жүргізді. Азаматтарға қауіп жоқ.
04 мамырда сағат 12:20-да Әл-Фараби ауданындағы Қабанбай батыр мен Ерманов көшелерінің қиылысында қатты желдің салдарынан (екпіні 23 м/с дейін) жеңіл автокөлікке ағаш құлады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ҚР ТЖМ 2021 жылы бұйрығымен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар критерийлеріне сәйкес қауіпті метеорологиялық және агрометеорологиялық құбылыстарға 18 м/сек және одан да көп екпінді желдің жылдамдығы жатады.