«Ұлттық қор-балаларға»: Қаржы 10 жыл пайдаланылмаса, зейнетақы қорына аударылады

71

Балалар 18 жасқа толған соң 10 жыл ішінде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында берілген қаражатты пайдаланбаса, ол зейнетақы қорына аударылады. Жалпы Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,5 млн. бала бар.

Қаржы Қазақстан Республикасының азаматы атанған әр балаға 18 жасқа толғанша аударылып отырады. Бала ол қаржыны кәмелет жасқа толған соң екі мақсатта: тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу үшін пайдалана алады.