8 миллион теңгені біреуге қалай бере салуға болады?

68
Фото Егемен

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, таныс көршісі «мал қора сатып алып беремін»,- деп сендіріп, алаяқтық жолмен 8 миллион ақшасын жымқырып, бір жыл бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190»-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады.
Анықталғандай, күдікті қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Сондай-ақ осындай жалған уәделер беріп, тағы бір тұрғынды алдап үлгерген. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.