Қаңғыбас мысықтарды аулаумен айналысатын мемлекеттік мекемедегі асқан қатыгездік әлеуметтік желіні шулатты. Оқиға куәгерлері басы мен табаны кесілген мысықтарды видеоға түсіріп алған.
Түсініктемелерде адамдар әлемдік БАҚ-ты осы мәселеге назар аударуға шақырып, Қазақстанды қорғансыз жануарлардың құқығы бос сөз болып табылатын ел деп атады. Бұл бейнероликке шенеуніктер әлі түсініктеме берген жоқ.