Елде жыл басынан бері 45 адам суға батып, қайтыс болды

46

Елде жыл басынан бері 45 адам суға батып қаза тапқан, оның 14-і – балалар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет отырысында баяндады.

Министрдің айтуынша, адамдардың суға кетуінің негізгі себебі– балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, жабдықталмаған орындарда, мас күйде және өз күштерін бағаламай шомылу.

Статистикаға сүйенсек, соңғы 3 жылдың өзінде елде 1 103 адам, оның ішінде 321 бала суға кеткен. Айта кетейік, бүгінгі таңда ел бойынша 487 орында шомылуға рұқсат етілген. Оның 149-ы – коммуналдық, 338-і – жеке жағажай. Алайда, рұқсат етілген жағажайлардың 180-інде медициналық пункттер мен балаларға арналған шомылу учаскелері жоқ.