Шымкент полицейлері 1000-ға жуық мотокөлік жүргізушісін жауапқа тартты

38

 Үшінші мегаполисте Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында ұдайы рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді.

 Мәселен, тәртіп сақшылары 5 тәулік ішінде әртүрлі заң бұзушылыққа жол берген 975 мотокөлік тізгіндеушісін анықтады.
 Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен мотошлем қолданбағаны үшін 187 тұлғаға хаттама толтырылды.
 Сондай-ақ, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 123 жүргізуші әкімшілік кодекстің 595-бабымен жауапкершілікке тартылды.
 Тыныштықты бұзғаны үшін 59 тізгіндеушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
 Бұдан бөлек, техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлік құралын басқарғаны үшін — 47, техникалық қарап тексеруден өтпеген — 44, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген — 23, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаған-23, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен -14 азамат жауапқа тартылды.
 Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, жыл басынан бері мотокөлік жүргізушілерінің тарапынан орын алған 2082 құқық бұзушылық анықталып, 32 мотокөлік айыптұраққа қойылды.