Алдын алу жұмыстары ұдайы бақылауда

29

Жаз мезгілі басталысымен балалардың жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысы қыз-қыз қайнайтыны белгілі. Тамақтан уланудың алдын алу, бассейн суының тазалығы, бөлмелердің, асхананың тазалығы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының басты назарында тұрады.

Жазғы сауықтыру лагерлерінің басым бөлігі жеке кәсіпкерлердің меншігінде екендігі белгілі. Лагерлердегі тазалық мәселесі туралы тиісті мамандар тарапынан кәсіпкерлерге ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Одан бөлек, алдын алу жұмыстары да қолға алынған. Жуырда осы мәселеге орай арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Түркістан облысына қарасты Казығұрт аудандық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қазығұрт аудандық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Кулизат Үсіпбековамен бірге дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылы 10 тамыздары «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне койылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» № ҚР ДСМ-78 бұйрығы жане ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 17 ақпандары «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптары, ҚР ДСМ-нін 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту талаптары, ботулизм және жаппай тамақтан уланудың алдын алу жайы талқыланды. Жиынға Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің міндетін уақытша атқраушы А.Егізбек, “Турбаза-Қазығұрт” сауықтыру орнының басшысы Р.Мадиева қатысты.