Changan auto – балалар арасында шахматтан турнир ұйымдастырды

Халықаралық шахмат күніне орай қытайлық әйгілі Changan Auto компаниясы жас шымкенттіктер үшін ауқымды турнир ұйымдастырды. Шарада 80-ге жуық қатысушы үздік атану үшін күресті.

9 жасар Раяна Марат осы уақытқа дейін бірнеше маңызды жарыстарда жеңіске жеткен. Шахматшы қыз бүгінгі ауқымды турнирде үздік атанарына нық сенімді.

“Маған шахмат ойнауға анам кеңес берді. Бұл өте қызықты ойын. Бұл менің алғашқы жарысым емес, бұған дейін де бірнеше турнирге қатысқанмын. Шахмат ойнаудың арқасында мен математиканы жақсы меңгере бастадым. Бүгін Шымкентте осындай қызықты турнир өтіп жатыр. Қарсыластар мықты, бірақ мен жеңіске жетемін деп үміттенемін. Баршаңызды Халықаралық шахмат күнімен құттықтаймын!»,-деді шахматшы қыз Раяна Марат.

Шымкентте жас шахматшыларға арналған турнирді белгілі Changan auto автомобиль концерні ұйымдастырды. Балалар жарысқа қатысу арқылы зияткерлік ойында өздерін одан әрі дамыту үшін құнды тәжірибе мен шабыт алады дейді ұйымдастырушылар.
Алда тағы 7 тур бар. Ойын арасындағы үзілісті түрлендіру үшін жас шахматшыларға тәттілер мен салқын сусындар таратылды. Ал балаларды маңызды турнирге кәсіби жаттықтырушылар дайындады.

«Балалар өз бапкерлерімен бүгінгі турнирге жақсы дайындалып келген. Ұйымдастырушыларға рахмет. Осындай жарыстар көбірек өткізілсе екен дейміз. Шахмат балаларға өте жақсы әсер етеді»,-шахмат жаттықтырушысы Асылжан Ережеп.

Турнирде Ақарыс Жұбанышұлы мен Айару Мұратжанқызы жеңімпаз атанды. Үздіктер арнайы грамоталар, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ал жарыс ұйымдастырушылар – Changan Auto компаниясы – зияткерлік сайыстарды үнемі өткізіп отыруды жоспарлап отыр.

Мекен жайы: Changan Shymkent, Темірлан тас жолы 115
Инстаграм: @Changan_shymkent