Шымкенттің бас дәрігері ерекше балалардың ата-аналарымен кездесті

55

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков «Мейірім» оңалту орталығына барды. Басқарма басшысы орталықтағы проблемалы мәселелерді шешу жолын қарастырып, мекемеде ем алып жатқан ерекше балалардың жағдайымен танысты.

Қаланың бас дәрігері орталықта аралау кезінде ем алып жатқан балалардың ата-аналарымен кездесіп, жағдайларын сұрады. Басқарма басшысынмен кездесу кезінде емделушілшер мәелелерін ортаға салды. Пациенттерден түскен өтініштер бойынша басқарма басшысы медициналық көмек көрсету үшін жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Айта кетейік, басқарма басшысы Н. Асылбековтың тапсырмасы бойынша орталықта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нақтырақ айтқанда, орталықтағы қабылдау бөлімі мен дәліздердің едені жаңартылып, емделушілер үшін қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ басқарма басшысы оңалту орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша салаға жауаптыларға бірқатар тапсырмалар беріп, ұсыныс енгізуді тапсырды.

«Мейірім» оңалту орталығы 130 төсек орынға арналған емдеу мекемесі. Мұнда 3 және 18 жас аралығындағы соматикалық және неврологиялық аурумен есепте тұратын балалар оңалтудан өтеді. Бұл үшін орталықта физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру бөлімі, парафин кабинеті, электр тогымен ұйықтау, емшара кабинеті, монтессори, сенсорлы бөлмелер жұмыс істейді. Жыл сайын орталықта 2400 бала медициналық оңалту емін алады.