2030 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші құрықталды

40

Шымкентте «Сергек қорғау – қауіпті жүргізуші» қосымшасының көмегімен 3000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды. Жыл басынан бері Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Қорғау» қосымшасының көмегімен 2867 қауіпті жүргізушіні анықтады.

Оның ішінде 62-сі бұрын автокөлікті басқару құқығынан айырылған, 555-і мас күйде көлік жүргізген, тағы 31-і жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан.
Мәселен, жақында ЖБО-ның бақылаушы инспекторлары мегаполис көшелерінің біріне мониторингжүргізу кезінде 2030 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған тұлғаны ұстады. Бұл туралы олар патрульдік полиция полкінің экипаждарына хабарлады. Өз кезегінде құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, көлікті айып тұраққа қамады.
Сондай-ақ, сот орындаушыларымен бірлесіп арнайы рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 3 млрд теңгеден астам қарызы бар 2135 автокөлік жүргізушісі ұсталды