Жүрек алмастыруды қажет ететін науқасқа дәрігерлер LVAD қондырғысын орнатып берді. Жоғары технологиялық операцияны дәрігерлер 60 жастағы науқасқа жасады. Ота сәтті өтті дейді дәрігерлер.
Операциядан шыққан науқас қазір Жүрек орталығындағы дәрігерлердің бақылауында жатыр. Жасанды қондырғы арқылы науқастың жүрек қызметі жақсарды дейді дәрігерлер. Мұндай қондырғыны мамандар ауыр халге шалдыққан науқастарға кардиохирругиялық жолмен орнатып береді екен. Бүгінге дейін жергілікті кардиологтар 10 науқасқа LVAD аппаратын орнатқан
Айнаш Балабекова, «Жүрек орталығының» жүрек жеткіліксіздігі бойынша координатор-дәрігері: «Мұндай науқастар қимыл-әрекет еткен кезде ентігіп, әлсіреп қалады. Салдарынан 10-15 қадам жасай алмай, бір бөлменің ішінде ғана өмір сүреді. Ал LVAD имплантациясы мұндай науқастардың жүрегінде қанды қажетті деңгейде айналдырып, қалыпты өмірге оралуына, қоғамдық орындарда жұмыс істеуге, тіпті спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Ал, қазіргі науқасымыз отаның ертеңіне-ақ орнынан тұрып, біршама жүріп, әрекет ете бастады».
Лаура Нақыпқызы