Шымкентте қылмыстық топ туыстарына 340 млн теңге несие рәсімдеткен

45

Қылмыстық топ Шымкент пен Түркістан облысының 235 тұрғынын 340 млн теңге шығынға батырды. Күдіктілер туыстарына тендрмен айналысатын бастығына ақша керегін айтып, несие рәсімдеткен.

Оған қоса шыққан сомманың 10-12 пайызын сыйақы ретінде беруге уағдыласқан. Алайда төлем уақыты жеткенде хабарсыз кетіпті. Сондықтан банк алдындағы берешегі еселеніп, амалы таусылған халық құқық қорғау органдарына жүрінген. Тергеу барысында 11 адамнан тұратын топ жақындарынан 250 мыңнан 6 млн-ға дейін қарыз алғаны белгілі болды. Несиені сезіктілер тауар түрінде алдырып, кейін оларды өздері сатып отырған.

Бақдәулет Оразбаев, Шымкент қаласы ПД-нің аға инспекторы: «Аталған жайтты тергеушілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. 11 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Келтірілген шығын 340 млн теңгені құрады. Тәртіп сақшылары жинақталған іс-құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады. Айыпталушылардың әрқайсысы жасаған қылмысы үшін 5 жылға дейін сотталды.»