Түркістан облысында вакцина алмаған балалар жаппай қызылша жұқтырды

28
фото Нысана.кз

Түркістан облысында жыл басынан бері қызылша аурушаңдығынан 119 күдікті жағдай тіркеліп, 70 жағдай зертханалық дәлелденген. Оның ішінде 48- і 14 жасқа дейінгі балалар.

Инфекция жұқтырушылардың көбі Ордабасы (25), Сауран (12), Қазығұрт (9), Шардара (5) ауданындарына тиесілі болып отыр. Эпидемиологтар жүргізген талдаулар нәтижесінде қызылша инфекциясына шалдыққандардың көбі қызылшаға қарсы вакцинадан бас тартқандар.

«Қызылша ауруы – көбіне балалар арасында жиі кездесетін, ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция. Күз-көктем мезгілдері эпидемиялық маусымдары болып саналады. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі 7-21 күнді құрайды. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды», – делінген Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.