Шымкент тұрғындары қаланың кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында жылжымайтын мүлікті тіркеп, сатып алу-сату келісімшартын жасай алады. Ол үшін нотариустарға жүгінудің қажеті жоқ.
Мәмілені рәсімдеу үшін ХҚКО – ға жүгінген кезде жылжымайтын мүлік иелерінде келесі құжаттар болуы қажет:
- сатып алу- сату келісімшарты 2 данада (құжат ХҚКО-да жасалады):
- мүліктің техникалық паспорты;
- мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан беріледі);
- тараптар некеде тұрған жағдайда, жұбайларынан нотариус арқылы рәсімделген келісім;
Құрылыс компаниясынан сатып алынған жылжымайтын мүлік болса, қосымша:
- сату жөніндегі шешім;
- сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі;
- төлем туралы түбіртек қажет.
Бұл қызмет ақылы көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.
Айта кетейік, егер қызметалушы сатып алу-сату келісімшартын ХҚКО қызметкерлері арқылы рәсімдейтін болса, қосымша 8500 теңге төлейді.
Назар аударыңыз!
Егер тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері болса (қойма, автотұрақ т.б.) онда көрсетілетін қызмет құны ауданына қарай өзгереді. Мәселен, жеке тұрғын үйді тіркейтін болса, қызмет бағасы өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады.