Úı ANONS «Бір үйге 20 адам тіркеліп алған»

«Бір үйге 20 адам тіркеліп алған»

Шымкентте «Резеңке пәтерлер» бойынша тексеру жұмыстары басталды. «Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, бірқатар мекенжайларда 20-дан астам адамның тіркеуде тұрғаны анықталды. Атап айтқанда, 8 түрлі мекенжайда жалпы саны 360 азамат тіркелгені белгілі болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлімдеді.

15 шаршы метр үйге бір адам ғана тіркеле алады. Бұл заң. Алайда, қағидатты сақтамай, ережеге салғырт қарағандар бар. Мәселен, қалалық полиция департаментінің мамандары белгілі мекенжайлар бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, көрсетілген мекен жайда тұрмайтын азаматтар анықталды дейді ресми өкіл. Олар құқыққбұзушылыққа жол бергені үшін заң алдында жауапкершілікке тартылған.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары: «Дулати көшесі 92 үй; Дулати көшесі 86 үй; Ынтымақ м.а. №251 үй; Тұран м.а. №53а үй, 51 пәтер; 18 м.а. 6үй, 32 пәтер иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 493 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, тұрақты тіркелген мекенжай бойынша тұрмайтын азаматтар тіркеуден шығарылды. Түркістан облысынан келгенде келіп, 40-50 шаршы метрге 20 дан астам адам тіркелгенде бар, бұл мүмкін емес жағдай».

Аталған іс-шаралар тұрғын үй қорын тиімді басқару, көші-қон бақылауын күшейту үшін қолға алынған. Сонымен қатар, заңсыз тіркеулердің алдын алу мақсатында жолға қойылған. Бірақ, шын мәнінде тіркеуге мұқтаж, баспанасыз күнелтіп жүргендерді қайтеміз?

Егер ол үйдің көлемі 400  квадрат болып, ол жерде 30 адам тіркеліп тұратын болса, оған  ештеңе айта алмаймыз. Тұрып жатыр деп те есептейік. Онда басқа жолын қарастыру керек. Уақытша тіркеу деген бар. Мәселен, сіз Түлкібас ауданында тұрып, осы қалада жұмыс жасайтын болсаңыз, жұмыс орнына тұра аласыздар».

Үйіңіз бар ма? Жоқ па? Қалай болса да, тіркелуге міндеттісіз. Заң мен тәртіп бәріне ортақ дейді Сәрсен Құранбек. Бірақ, кейбір баспанасыз сабылып жүргендердің мәселесі ашық сұрақ күйінде қалып қойды.

Нұргүл Жолымбетова