Инвесторларға қысым көрсетілген

57
мұрағаттан алынған сурет

Елімізде 30-ға жуық инвестордың құқығы қорғалды. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі хабарлады.Оның айтуынша мемлекет басшысының тапсырмасымен маңызды инвестициялық жобалардың іске асуына бақылау жүргізіліп келеді. Өйткені инвесторларға қысым көрсету, бюрократия секілді түйіткілді мәселе көп.

 

Нәтижесінде маңызды жобалар созбалаңға салынып кетеді. Прокуратура қызметкерлері қазір 27 бизнесменнің құқығын қорғап, тағы 900 жобаны зерделеп жатыр.

Дархан Дүйсембай, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі: «Ірі инвесторлармен, заң және консалтингтік фирмалармен кездесулер өткізілуде. Негізгі мақсат – әрбір инвестор үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету және бизнестің қауіпсіздік кепілдігін арттыру».