«Көлігі, айлығы болуы керек»: Шымкентте қыз іздеген 40 жастағы ер кісі көпті күлкіге қарық қылды

1565

Шымкенттің 40 жастағы тұрғыны желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Шаңырақ көтеруді көздеген ер адам туралы мәлімет ТікТок парақшасында жарияланды.

Бойдақ жандарға арналған парақшадағы мәліметке сүйенсек, Ержігіт есімді шымкенттік тұрғынның жасы 40-та. Бұрын-соңды үйленбеген, балалары жоқ. Өзі мегаполисте тұрады. Үйі, тұрақты жұмысы, көлігі бар екен. Өзі туралы мәліметте сүрбойдақ боп жүрген ер адам денсаулығы жақсы екенін, бұрын сотталмағанын және несиесі жоқтығын атап өткен. Бұдан өзге ол болашақ жарына қоятын талаптарын да ұмытпаған.

«25 жастан 35 жасқа дейінгі, тұрмыста болмаған пәк қызбен танысамын. 300 мыңдай айлық алатын өзінің жұмысы болуы керек. Мен өзім 500-600 мың табамын. Өзінің көлігі болуы керек. Оны алып жүретін менде уақыт жоқ. Қазірше талаптарым осы. Қалғанын кейін айта жатармын» делінген хабарландыруда.

Өмірлік жар іздеген ер кісінің хабарландыруы көптің күлкісін ұялатты. Олардың жазуынша, 40 жасқа келген адамның бұл талаптары ақылға қонымсыз.

«Үйленбей жүре берсей», «Жасының 40-та екенінен хабары бар ма өзінің?», «Мына талаптарыңмен өміріңнің ақырына дейін үйленбей өтесің-ау», «Күлкім келді ғой…», «Тағы 25 жастағы қыздан дәмелі ғой. Армандап жүре бер, сөйтіп 90-ға келесің», «Пәк қызды не қыласың? Жасыңа сай адамды тапшы айналайын», «Астында көлігі бар пәк қыз сіздей жігітті не қылмақ?», «Кішкене «аппетитіңді» азайтайсың-ау», «Таза қуады екен», «Тамақ жемейтін қыз керек, тамаққа ақша жоқ» деп тағы да қоспадың ба?» деп жазды желі қолданушылары.