Министр үлкен Келес магистралды каналының жағдайымен танысты

14

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазығұрт ауданына арнайы ат басын бұрып, Қазығұрт ауыл округінде орналасқан Трансшекаралық Үлкен Келес магистралды каналының (БКМК) жағдайымен танысты.

Сондай-ақ, «Өгем өзенінде ГЭС каскадф бар топтық су құбырын салу» жобасымен танысып, жан-жақты талқылады.
Бұдан бөлек министр Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлердің де уәжін тыңдады. Егін және жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер министрге суға байланысты көптеген назын жеткізді. Министр аталған мәселелердің алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.
Атаулы жобалармен танысқан ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аталған мәселелер бойынша министрлік тарапынан облыс әкімдігімен бірлесе жүйелі жоспарлар әзірленіп, алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табуды қарастыратын атап өтті.