Оңайлатылған декларация: Cалықтар мен әлеуметтік төлемдерді өтеу мерзімі

16

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимімен жұмыс жасайтын кәсібін жаңадан ашқан жеке кәсіпкерлер салықтары мен әлеуметтік төлемдерін төлеу мерзімдерінен қателесіп жатады. Бұл қателіктері өсімпұлдың есептелуіне әкеліп соғуы мүмкін. Келеңсіз жағдайға тап болмас үшін Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық есебін тапсыру тәртібі, төлеу мерзімі жайлы кеңес берді.

«Салық кодексіне сәйкес, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органдарына оңайлатылған декларация бойынша салық есебін тамыздың 25 -не және ақпанның 25-не дейін табыстары туралы мәлімет береді. Салықтық есеп тапсыру мерзімі 6 ой болып есептелінеді, – дейді Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағылар.
Бақытбек Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Бірінші қаңтардан 30 маусым сосын 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін. Олардың мәлімдеген табысы 82 мың 931 мың 100 теңге-ден аспауы тиіс. АЕК 24 мың еселеген түрінен аспауы керек. Асып кетсе, олар қосылған құн салығы төлеушісі ретінде сондықтан 6 ай ішінде 82 931 100 теңгеден аспауы керек»

Табыс салығынан бөлек әлеуметтік салық та төленеді. Жеке кәсіпкер зейнетақы қоры және медәлеуметтік сақтандыруға да төлемдерді ай сайын аударып тұруы тиіс. Әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемегені үшін әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі және банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеліп соғады. Осыған байланысты, сала мамандары есептелген әлеуметтік төлемдерді мерзімінде төлеп отыруды ескертеді.

Бақытбек Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Бірінші ескерту жасалады. Екінші әкімшілік шара көріледі 15 АЕК айыппұл төлейді».

Тағы бір ескеретін жәйт, оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер 30 жалдамалы жұмысшыға дейін жұмысқа қабылдай алады.