«Қарызсыз қоғам» бағдарламасының пайдасы көп

29
фото alataunews.kz

Бүгінде қаржылық сауаттылықты арттыру жөнінде түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Тұрғындардың қарызсыз өмір сүріп, қолындағы қаржыны тиімді пайдалану жөнінде түрлі түсіндіру, ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілуде.

«Қарызсыз қоғам» бағдарламасының қатысушысы, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны Сағидулла Жұматаев жобаға қатысу арқылы қосымша табыс көзін реттеп, несиесін төлегенін айтты.
«Жақында ұлым Астанадан үй аламын деп, оған 3 миллион теңге жетпеді. Мен несие алып, сол 3 миллионды балама бердім. Қосымша табыс тауып, шағын шаруашылығымды қолға алғанша айына 200 мың теңге төлеу қиынға соқты. Өзім зейнеткермін, зейнетақым несие төйлеуге кететін. Осы несиеден тез құтылуға асықтым, төлегенше мазам кетті. Ай сайынғы шығындарымды санап, қысқартып, қосымша табыс көзін реттеп, осы несиемді төлеп тастадым. Бұдан былай несиеге жоламаймын деп шештім. Шағын шаруашылығымды одан ары дамытып, тапқан табысыма ие болып, жайлы, тыныш өмір сүргенге не жетсін?!» – деді С.Жұматаев.