«Бүгіннен бастап ел аумағындағы барлық сауда нысандарында тұрған таразылар тексерілмек. Оған себеп, тұтынушы тарапынан шағымдардың жиілеп кетуі», — дейді сауда министрлігі. Тексеруді арнайы мекемелер жүргізеді. Ал құрылғыдан шикілік шықса, кәсіпкер 100 мыңнан 2 млн. теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Қуаныш Елікбаев, ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы: «Біз тексерісті бірден бастамаймыз. Өйткені ол үшін алдымен негіз болуы керек. Бірақ әр жыл сайын біз мұндай тексерісті өткізуді жоспарлап тұрамыз. Сондай-ақ кез келген таразы, механикалық не электронды болсын ол мемлекет тізілімінде болуы шарт. Ал сынақты біз гір тасын таразыға қойып анықтаймыз. Дәл осылай құрылғының дұрыс не дұрыс еместігі белгілі болады».
Бұл тексерістің ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне қатысы жоқ. Тек ірі және шағын кәсіп субьектісі бар орындарға тиесілі. Таразы заң талабын сай келмесе, кәсіпкерге айыппұл көзделген. Жеке тұлғаларға 30 АЕК яғни 103 мың 500 тг, ал ірі кәсіпорындар 600 АЕК 2 млн 70 мың тг айыппұл төлейді.