Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы тағайындалды

110

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы тағайындалды.

Нұргүл Ақылбекқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін, «Тұран-Астана» университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – орыс тілі мен әдебиеті, психология, менеджмент. Еңбек жолының 22 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.
Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.