Шымкенте арнайы іс сапармен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев келді

25

Шымкенте арнайы іс сапармен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев келді. Қала халқымен кездесу барысында ведомство басшысы өңір тұрғындарының суға қатысты өзекті мәселелерін тыңдап, азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мегаполис халқымен арнайы кездесу ұйымдастырды. Онда ол жергілікті бұқараның су саласына қатысты проблемаларына құлақ асып, олардың шешу жолдарын талқылады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі: «Жекеліктен мемлекетке өткен соң, «Жасыл дамуға» сол компетенцияны бердік. Енді жылдың аяғына дейін бүкіл нормативтік-құқықтық актілерді жаңа жылдан бастап қайтадан субсидия бере бастаймыз. Аз қалды біраз шыдадыңыздар. Шыдай тұрыңыздар».

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта елімізде ауаға зиянды қалдықтарды шығаратын 91 ірі кәсіпорын бар. Олардың бәріне автоматтандырылған мониторинг жасайтын құрылғы орнатылуда. Жоспар бойынша аталған техника 2025 жылдың қаңтарына дейін қойылады. Бұдан бөлек республикада ағаш отырғызу мәселесі кеңінен жүргізілуде,- деді экология министрі.