Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Патрульдік полиция полкі тұрғындарға маңызды ескертулер жасады. Қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында және адамдар көп жиналатын жерлерде пиротехникалық бұйымдарды, оның ішінде салют, фейерверк, петарда және басқа да жарылғыш заттарды заңсыз қолдануға қатаң тыйым салынатыны туралы ескертті.
Қала тұрғындарымен кездесу барысында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану халықтың қауіпсіздігін қатерге тігіп, түрлі оқыс жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкіндігі туралы айтылды. Мұндай заттарды дұрыс қолданбау салдарынан адамдар жарақат алып, материалды залал да келтіруі ықтимал. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін бұзу қоғамдық тәртіпті бұзуға және төтенше жағдайлардың орын алуына әкелуі мүмкін.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды заңсыз пиротехникалық бұйымдарды қолданудан аулақ болуға шақырады. Заңсыз әрекеттер анықталса, олар бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау үшін әрбір азамат өзіне және айналасындағы адамдарға жауапкершілікпен қарауы керек.
Полиция департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, заңды бұзушылықтарға жол бермеуге және қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалауға шақырады. Барлық азаматтардан заң талаптарын орындап, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Тек осылайша ғана қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге болады. Пиротехникалық заттарды рұқсатсыз қолдану азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, қоғамдық тыныштықты бұзады. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін кінәлі тұлғаларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасы бойынша әкімшілік шаралар қолданылады. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балаларды пиротехникалық бұйымдарды өз бетімен қолданудан сақтандыруға шақырады. Жуырда ғана түнде отшашу атқандарға қатысты құқықбұзушылық дерегі бойынша полиция қызметкерлері азаматтарға қатысты заң шеңберінде тиісті әкімшілік хаттама толтырды.







