Шымкентте кісі өлтірген күдікті ұсталды

29

Аса қатыгездікпен ұрып-соғып, кісі өлтірді деген күдікке ілінген 42 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 26 қазан күні Әл-Фараби аудандық бөлімшесіне Тәуке хан көшесінен ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның жеке басын анықтады. Ол 1969 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Екі ер адамның арасында жанжал болып, оның барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан қайтыс болғаны анықталды.

Полиция бұл фактіні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабының 3-бөлігі бойынша тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.