Төртінші қабаттан құлаған қыз баланың жағдайы ауыр

56
фото gkbyudina.ru

Кеше 29 қазанда 2018 жылғы қыз бала төртінші қабаттан құлап кетті. Оқиға Еңбекші ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Анасының сөзінше, қыз москит торына сүйеніп тұрған сәтінде құлаған.

Әлімжан Хадидханов, Шымкент қаласы ТЖД Дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі: «29 қазан сағат 23.20-да «103» қызметінен хабарлама түсті. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қаратөбе тас жолында көпқабатты тұрғын үй пәтерінің терезесінен 4-ші қабаттан абайсыздықта пәтер иесінің 2018 жылы туылған қызы құлап, әр-түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған».

4-ші қабаттан құлаған қыз жедел-жәрдем көлігімен дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Ақ халаттылардың сөзінше ол жансақтау бөлімінен нейрохирургияға ауыстырылған.