Коммуналдық қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидасының 25-ші тармағына сәйкес, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і тұтынушылардың коммерциялық есепке алу құрылғысы көрсеткіштерін әр айдың 20 мен 30 күндері аралығында жүргізеді. Есепке алу көрсеткіштерін серіктестік өкілдері қызметтік куәліктерін көрсету арқылы немесе деректерді қашықтықтан тарату құрылғылары арқылы жүзеге асырады.
Бұл өзгерістер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 2 қазандағы №17 Бұйрығына сәйкес, қолданысқа енгізіліп отыр. Осыған байланысты тұтынушылардың бір бөлігінде есептеу құрылғыларындағы көрсеткіштерді алу мерзімі 35-45 күнге дейін кейінге шегеріледі. Сәйкесінше, құрылғыдағы есепке алынатын көрсеткіш көлемі де осы уақыт аралығында ұлғаюы мүмкін. Бұл өзгеріс тек бір реттік шара және ол тек 2023 жылдың қараша айында ғана жүзеге асырылады.
«Жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай энергиямен жабдықтаушы мекемелердің дифференциациялық тарифтерді белгілеу Ережесі» туралы 1 бөлім, 7 тармағына сәйкес, егер құрылғы көрсеткішіне сай есеп жүргізу мерзімі 30 күннен асқан жағдайда, аталған мерзімдегі тұтыну көлемінің шегіне өзгерістер енгізіледі.
Аталған өзгерістерді жүзеге асыру энергетика саласындағы нормативті-құқықтық актілерге және министрлік бұйрығына сәйкес, мәжбүрлі түрде қолға алынып отыр. Тұтынушылардың мүдделері міндетті түрде ескерілетінін хабарлаймыз.