Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Киберқылмыспен күреске арналған бағдарлама” жоспарын іске асыру шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бұрын бірнеше рет сотты болған, Қазақстан аумағында бірқатар қылмыстар жасады деп күдікке ілінген 31 жастағы ер адамды ұстады.
Аталмыш Жамбыл облысының тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, кез келген өтіп бара жатқан адамдардан қоңырау шалу үшін телефондарын сұрап алып, содан кейін жасырынып отырған. Ол ұрлаған телефондарды ірі қалалардың базарларында сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.