Алдағы 3 жылда «Цифрлық теңге» толық енгізіледі

32

Алдағы 3 жылда «Цифрлық теңге» ел аумағында толық енгізіледі. Яғни, 2025 жылдың аяғына дейін барлық қаржы нарығы қамтылмақ. Ал қазір жобаның бірінші кезеңі қорытындыланды.

Елдегі 4 банк пен «Қазпошта» цифрлық ақшаны айналымға енгізді. Артықшылығы – цифрлық теңге интернет жоқ жерлерде де қолжетімді. Яғни, кез-келген жерде офлайн режимде төлем жасай аласыз. Тағы бір ерекшелігі – бағдарлау мүмкіндігі енгізілген. Мәселен, ата-ананың бақылау қызметі бар. Яғни, баласы ақшаны алкоголь немесе темекіге жұмсап жатса, бірден анықтай алады.

Цифрлық теңге – ұлттық валютаның үшінші қосымша формасы. Қолма-қол ақша сияқты ол да эмитенттеледі. Алғашқы өнімдерді қазақстандықтар көп ұзамай пайдалана алады.