(Фото: primeminister.kz)
Шымкент әуежайы бұған дейін аукционға шығарылған болатын. Алайда бүгінде нысан сатылымнан алынып тасталды. Енді әуежай жеке инвесторға берілмек.
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін брифинг кезінде мәлімдеді.
«Шымкент әуежайы инвесторды тарту үшін сатылымнан алынып тасталды. Яғни, жекешелендіру емес, дәл инвесторға беріледі. Әңгіме нақты инвестор тұрғысында… Егер сіздер көрген болсаңыздар, Шымкент әуежайы жанында Scat компаниялар тобы кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Біз қазір әуежайды инвесторға беру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонда барлығы бір кешенде болады»,-деді министр.
Ведомство басшысы нысан шетелдік емес, отандық инвесторға берілетінін атап өтті.