Тұран ауданында өзекті мәселелер шешімін табуда

89

Шымкентте Тұран ауданының құрылғанына бір жылдай уақыт болды. Осы аралықта бірқатар өзекті мәселе өз шешімін тауып үлгерген. Бұл туралы аудан әкімі брифинг кезінде айтты.

Дегенмен Тұранда қазіргі таңда шешілуі тиіс проблемалар қатарына суғару жүйесі, ауыз су және абаттандыру мәселелері кіреді. Аудан әкімінің айтуынша, олардың басым бөлігі жыл соңына дейін шешімін табады. Сондай ақ, шенеунік «Көмешбұлақ» базары маңындағы стихиялық сауда жөнінде де айта кетті.

«Көмешбұлақ» базары маңындағы стихиялық сауда өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Салдарынан мұнда антисанитарлық жағдай орын алып, қоқыс жиналған. Салдарынан тәртіп те, тазалық та жоқ. Белгіленбеген жерлерде сауда жасағаны үшін жүргізіліп жатқан рейдтер мен салынып жатқан айыппұлдар мәселені түбегейлі шешпейді. Алайда антисанитарлық жағдай көптеген тұтынушыларды алаңдатпайтын көрінеді. Олар ашық орындардан тауар сатып алуды әлі де жалғастыруда. Тұран ауданының басшылығы базарлардың айналасы мен сауда орындарының өзі де стандарттарға сай болуы керек екенін алға тартты.

Боранбай БОЛАТБЕКОВ, Тұран ауданының әкімі: 

«Көмешбұлақ» базарын өздеріңіз білесіздер. Мына әсіп сататындар Республика  даңғылына дейін шығып кететін. Бұл мәселені де шештік. Базар басшысымен сөйлесіп, саудагерлерді ішке кіргізіп, ыңғайлы орын берілді. Осылайша әсіп сататырдардың жағдайын таптық.»

Бұдан өзге Болатбек Болатбеков жыл бойы тұрғындармен ондаған кездесу өткізіпті. Оның айтуынша, проблемалық мәселелердің шамамен 70 пайызы шешімін тапқан.

Боранбай БОЛАТБЕКОВ, Тұран ауданының әкімі: 

«Алдағы 24 жылға «Халық қатысатын бюджет» негізінде жобаларын дайындап қойдық.  39 жобаны енгізіп отырмыз. Оның 7-уі спорт алаңшасы болса, 32-сі ойын алаңшасы. Сметалық есептемелер әзірленді.»

Айта кетейік, бүгінгі таңда Тұран ауданында 220 мың халық тұрады. Белсенділер «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша бюджет қаражатының жұмсалуын мұқият қадағалаймыз деп отыр. Жауаптылар биыл бұл қаржыға көпқабатты үйлердің қасбеттері жаңартылып, балалар ойын алаңшалары салынғанын атап өтті.

Автор: Лаура Бабас