Елімізде жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 121 мың теңгеге жуықтайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды. Қазір елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 320 мың адамды құрайды.