Жолаушылар қоғамдық көлікте сөмкесін қолына ұстап тұруға міндетті ме?

334

(Фото: do-slez.com)

Қоғамдық көлікке мінген оқушылар, курьерлер, ересек адамдар сөмкесін шешіп, қолыну ұстап тұруға міндетті ме?

Қарбалас сәттерде, яғни, час пик уақытында коғамдық көліктерде жолаушылардың лық толатыны соншалық, тіпті ине шаншар орын болмай жатады. Әсіресе мектеп оқушылары сабақ біткен кезде сол уақытқа тура түсіп қалатыны сөзсіз. Курьерлер және ересек адамдардың да автобусқа сөмке асылып мінгендерін көреміз. Рюкзак қоғамдық көлікте екі адамның орнын алары анық. Сондықтан да көліктегі орын сыйымды болуы үшін сөмкелерін қолдарына ұстап тұруға тура келеді.

Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, ҚР «Автомобиль көлiгi туралы» заңының 22-бабының тармағына сәйкес тасымалдаушы жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажеттi қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын, багаждың уақытылы тасымалын және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген. Сол себепті жүргізушінің жолаушыларға сөмкелерін (рюкзак) қолдарына ұстап тұруды ескертуі заңға қайшы емес. Өйткені көліктің ішінде қозғалу, аялдамаға шығу сөмке асылған адамға да, түсіп жастқан жолаушыға да кедергі келтіруі әбден мүмкін.