Úı ANONS Жүргізуші де, жолаушылар да есірткілік масаң күйде болған

Жүргізуші де, жолаушылар да есірткілік масаң күйде болған

фото ШПД
Олардан аса ірі мөлшерде әртүрлі психотроптық заттар тәркіленді.
Күдіктілерді патрульдік полиция полкінің инспекторлары таңғы 6:00 шамасында анықтады. Көлік тоқтатқан кезде жүргізуші мен екі жолаушының әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін туғызды. Тексеру барысында жолаушылардың бірі бой тасалауға тырысты, бірақ бірден ұсталды.
Полицейлер 1 келіге жуық есірткі заттарын тауып, тәркіледі. Ұсталғандардың қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысқаны анықталды. Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ-мен тергеу басталды.
Сонымен қатар, медициналық куәландырудың нәтижесі үш ер адамның да есірткілік масаң күйде болғанын растады. Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауда.