Ерлі-зайыптылар ажырасса, қандай мүліктер бөлінбейді?

492

Белгілі себептерге байланысты дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар заңды түрде ажырасуға шешім қабылдады делік. Ондай жағдайда қандай мүліктер бөлінбейді?

Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 35-бабына сәйкес, заңды некеде болған ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда мына мүліктер бөлінбейді:

— Заңды некеге тұруға, яғни ерлі-зайыпты болуға дейiн олардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;

— Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған, яғни ерлі-зайыпты болған кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлік;

— Ерлі-зайыпты болған кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда жеке пайдаланатын заттары киiм-кешек, аяқ киiм және басқалар олардың әрқайсысының меншiгi болып табылады;

— Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жинаған мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншiгi деп таниды.